Оқиғалар

Полицейлер кеуделеріне камера тағып алды

Полицейлер кеуделеріне камера тағып алды

Енді облыс полицейлері көліктерімен қатар кеуделеріне де бейнекамера тағып жүретін болды. Бұл – тәртіп бұзушылар мен тәртіп сақшылары арасында туған кикілжіңдерді анықтауға көмектеседі екен.
Облыс бойынша ішкі істер қызметкерлеріне барлығы 695 бейнекамера бөлінген. Полицейлер кезекшілікке түскен уақытта бақылау құрылғыларын кеуделеріне тағып алуы керек.
– Портативтік камералар әкімшілік заңбұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ, тәртіп сақшыларының да іс-қимылдарын тіркеп отырады. Аталған құрылғы арқылы даулы жағдайлардың ақ-қарасы анықталып, полицейлер тарапынан, немесе керісінше болатын балағаттау, жәбірлеу оқиғалары есепке алынады. Азаматтардың полицейлерге шағым айтып келетін кездері болады. Камерадағы жазба арқылы жағдайды бақылап, кімнің кінәлі екендігін бірден білуге болады, – дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.
Қазір портативтік кеуде-камераларымен Өскемен, Семей, Зырян, Риддер, Аягөз, Шемонайха қалаларының жол-патрульдік полицейлері қамтылған. Естеріңізге сала кетейік, мұндай құрылғыларды АҚШ, Ұлыбритания сияқты елдер кеңінен қолданады.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button