Мәдениет

Патриоттық әндер шырқалды

Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің 25 жылдық торқалы тойымен қатар келген қос атаулы күнге орай Қазақстан халқы Ассамблеясы, Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының өкілдері және этномәдени бірлестіктер жетекшілері Өскемендегі 27943 әскери бөлімінің сарбаздарымен бірге мерекелік концерт қойды.

Сарбаздар алдына бүгінде шетелдерге шығып өнер көрсетіп жүрген, қазыналы қарттардан құралған «Атамұра» ансамблі Жеңіс күніне арналған патоиоттық әндерді орындаса, «Үміт» балалар үйінің жеткіншектері ұлттық нақыштағы биімен қошаметке бөленді. Отан үшін от кешуден тайынбайтын жауынгерлерді облыстық «Аналар кеңесінің» мүшесі, «Үміт» балалар үйі директорының орынбасары Марина Маратқызы құттықтап ақ тілегін арнады. Әсем ән мен мың бұралған биге риза болған сарбаздар ұйымдастырыушыларға алғысын айтты.

– Қоғамдық келісім орталығының өкілдері мен «Атамұра» ансамблі, сондай-ақ, «Үміт» балалар үйінің бүлдіршіндері келіп бізге мерекелік көңіл-күй сыйлап жатыр. Бұл жердегі көрермендер Отан қорғау жолында жүрген кілең жастар. Сондықтан бүгінгі орындалған патриоттық әндер оларға үлкен жігер, күш сыйлады деген ойдамын. Мерекемізді өткізуге атсалысқан ұжымдарға үлкен алғысымызды айтамыз, – дейді 27943 әскери бөлімі батальон командирінің тәрбие және идеялогиылық жұмыстар жөніндегі басшысының орынбасары Әлішер Табылдиев.

Қос мерекеге орай арнайы келіп өнер көрсеткендерге әскери бөлім сарбаздары гүл шоқтарымен қатар Алғыс хаттар табыстады.

Мұратхан Кенжеханұлы

Осы айдарда

Back to top button