Жолаушы тасымалы

Паром жүре бастады

21 наурыздан бастап Күршім мен Самар аудандары арасын байланыстыратын «Ертіс» паромы қысқы кесте бойынша навигациялық кезеңді бастайды.

Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы таратқан ақпаратқа сенсек, паром маршруты салынып жатқан Бұқтырма көпірінің маңымен өтуі тиіс.

«Су бетіндгі мұз толығымен кеткеннен кейін «Ертіс» пен «Күршім» паромдары бұрынғы маршрутына оралады, яғни «Қызыл Ту» өткелі арқылы қатынайтын болады», делінген басқарма хабарламасында.

Төменде оқырман назарына «Ертіс» паромының қысқы жұмыс кестесін ұсынып отырмыз.

 

№ р/с Жөнелту пункті Жөнелту уақыты
1. Күршім жағынан 07.00 09.00 11.00 13.00 15.00 17.00 19.00
2. Самар жағынан 08.00 10.00 12.00 14.00 16.00 18.00 20.00

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button