Жолаушы тасымалыТОП

ШҚО-ның екі қаласында жол ақысы қымбаттайды

Алтай мен Серебрянск қалаларында жол жүру құны қымбаттайды.

Мұнда тамыздың бірінен бастап жол ақысы 120 теңгеге көтеріледі, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Қоғамдық көліктердің ақысы қымбаттауына жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпкерлердің шағымы себеп болған. Айтуларынша олар арзан бағадан шығынға батқан көрінеді.

Осы жылдың көктемінде тасымалдаушылар Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысында өздерінің шағымдарын жеткізіп, тарифті арттыруды сұраған. Отырыстан кейін 3 ай өткен соң жаңа тарифтің бағасы бекітілді: ересектер үшін 120 теңге, балалар үшін 60 теңге. Мұндай жол жүру құны 1 тамыздан бастап Алтай мен Серебрянскідегі тұрақты қалалық маршруттарға қызмет көрсететін автобустарда жарамды болады.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button