Тіл

Өзге ұлтты әскерилер мемлекеттік тілден байқауға қатысты

Өскеменде «Мемлекеттік тіл – менің тілім» сайысының ІІ кезеңі өтті. Бұл шара Ұлттық Ұланның “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының ұйытқы болуымен жыл сайын ұйымдастырылады.

-Сайыстың негізгі мақсаты – мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан тілдік саясатты жүзеге асыру, насихаттау. Күнделікті жауынгерлік қызметте, қарым-қатынаста мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Одан қалды, мемлекеттік тілді үйренуге құлшыныс білдіріп жүрген әскери қызметшілерді ынталандыру,- дейді Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының отставкадағы подполковнигі Ботагөз Рыспаева.

Жарысқа Павлодар, Абай және Шығыс Қазакстан облыстарынан келген 7 бірдей өзге ұлтты әскери қызметкер қатысты. Алғашқы кезеңде қатысушылар өздерін таныстырды. Одан кейін сайысқа қатысушылар мақал-мәтелдер айтып сынға түсті. Шешуші «Өрлеу» кезеңінде арнайы сахналық қойылым қойды.

-Біздің ана тіліміз, қазақ тіліміз – мәдени және рухани азығымыз. Сондықтан да оның әр қоғамдық қарым-қатынаста белсенді қолданып, одан қалды жандандыруға арналған кешенді шараларды жүзеге асыратын болсақ, біз үшін үлкен міндет және парыз-дейді Ботагөз Тайшыбекқызы.

Сайысқа қатысушылардың бірі Павлодардағы 6679 әскери бөлімінің командирі, кіші сержант Николай Капитулин. Ол қазақ тілін бала кезінен жетік меңгерген. Оның пікірінше, әр азамат мемлекеттік тілді құрметтеуі тиіс.

-Әскерде керек, негізі. Мен өзім ауылда үйрендім. Қазір әскерде оны ары қарай жетілдіріп, меңгеріп жатырмын. Әскерге жан-жақтан келеді. Солдаттар келеді. Оңтүстіктен келеді, бүкіл Қазақстаннан келеді. Солардан үйренесін-дейді ол.

Екінші кезеңнің жеңімпаздары қыркүйек айында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Дәстүрлі сайыстың жеңімпаздары алдағы республикалық байқауда бақтарын сынайтын болады.

Бағдат Амангелді,
“Шығыс” өңірлік қолбасшылығы
баспасөз қызметі бастығы

Осы айдарда

Back to top button