Заң талабыҚылмысТОП

Өскемен тұрғыны саяжайда қарасора өсірген

Шілде айындағы “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Өскеменнің 42 жастағы тұрғыны ұсталды.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында құзырлы органға Өскемен қаласы тұрғынының есірткі заттарын заңсыз өсіріп жатқаны туралы ақпарат түскен. Аталған деректі тексеру барысында көрсетілген ақпарат расталып, жылыжай ішіндегі саяжай аумағын тінту кезінде жалпы салмағы 1140,55 грамм болатын қарасора өсімдігінің 73 бұтасы табылды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Жедел топ табылған өнімді тәркілеген. Тұрғынның айтуынша, өсімдікті өзі тұтыну үшін өсірген.

Аталған іс бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетелік, бұл баптың санкциясымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button