Оқиғалар

Қою түтіннің астында қалды

Қою түтіннің астында қалдыСемей қаласындағы газ жабдықтарын шығаратын бұрынғы зауытта өрт болды.

Қала тұрғындары бұрынғы зауыттың маңынан қошқыл қара түтінді байқаған. Оқиға болған жерге өртке қарсы күзет пен полиция қызметкерлері дер кезінде келді.

Қаланың ТЖ басқармасы мәлім еткендей, зауыттың шатырындағы рубероид жанып кеткен. Жапа шеккендер жоқ. Алдымен зауыттың шатыры жанып, содан кейін өрт төмен жақты шарпыған. Өрт барлығы 1500 шаршы метрді қамтыған. ТЖ басқармасындағылар бұл отты дұрыс қолданбағандықтан немесе біреулердің әдейі өртегендігінен болып отыр деген екі түрлі болжам айтуда.

Раушан Нұрғманбекова

Осы айдарда

Back to top button