Білім

Жаңа кітап оқырманға жол тартты

Ішкі істер органдарында көп жыл қызмет істеген, бұл күнде зейнеттегі Рәтбек Әріпұлының «Ұлыны ұлықтау – ұлт парызы» деген үшінші кітабы оқырманға жол тартты.

Жаңа кітап оқырманға жол тарттыКітап Абай және ұлы ойшылдың қоғамдағы орны жайында кіріспе сөзбен басталып, мемлекеттік тіл, құқық қорғау органдарының қызметі, ономастика мен бүгінгі Көкпекті ауданының тыныс-тіршілігі туралы тақырыптарды қозғаған.

«Ақжайлау», «Ұмытпа мені, Ақжайлау» атты кітаптары арқылы оқырманға жақсы таныс Рәтбек ақсақал шығармаларының арқауы етіп туған жерге махаббат, ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды негізге алған. Көкейкесті мәселелерді тілге тиек ету – жазушы еңбегінің алтын діңгегі. Жаңа кітап көкпектіліктердің жақсы көретін туындыларына айналатыны сөзсіз.

Көкпекті ауданы

Осы айдарда

Back to top button