Білім

Отбасылық оқудың берері мол

Ұлттық сананың қалыптасуына тікелей ықпал ететін ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың озық үлгілері мен тағылымдық тұстарын толық пайдалану – бүгінгі ұстаздардың кәсіби сапасына қойылатын негізгі талаптар.

Отбасылық оқудың берері молОсы орайда қаладағы НАЗАРБАЕВ зияткерлік мектебінің оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Отбасылық оқу клубы» атты іс-шара өткізілді.

– Жобаның мақсаты: мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, бірлесіп жұмыс істеу арқылы оқушылардың кітап оқуға деген ынталарын арттыру, – дейді іс-шараны ұйымдастырушы, 2-сынып жетекшісі А.Жәкеева.

Шара барысында балалар жазушысы Мұзафар Әлімбаев жайлы түрлі ой-пікірлер ортаға салынып, жазушы шығармаларындағы жұмбақтарға, жаңылтпаштар мен көнерген сөздерге талдау жасалды. Бұл – оқушылардың сөздік қорын молайтып, кітап оқуға деген ынталарын арттырумен қатар, жас жеткіншектердің жазушы шығармала-рымен етене танысуларына мол мүм-кіндік жасады.

Бақытжамал Қойлыбаева
Өскемен

Осы айдарда

Back to top button