Қоғам

Осы айда өңірлерге 369 тонна АИ-95 бензині жеткізіледі

Тамызда ел бойынша 369 тоннадан астам АИ-95 бензинін тасымалдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Didar ақпарат  Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Қазір Қазақстандағы магистральді автожолдар арқылы бензин құйылған 1 047 цистерна өңірлерге жеткізіліп жатыр. Олардың ішінде АИ-95 маркалы жанар-жағармайы бар цистернаның саны – 341. Барлық мұнай өнімі диспетчерлік бақылаумен белгіленген жылдамдыққа сай жеткізілмек.

Бензинді жеткізу жүк тасымалдаушы ұйым мәлімдеген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Демек, тасымалдаушы отынның қандай да бір түрін жөнелтуге әсер ете алмайды. Қазір мұнай өңдеу зауыттары жүк тасымалдауға қатысты барлық өтінішті 100%-ға қамтамасыз еткен. Мәселен, жоспар бойынша тамызда ішкі нарыққа АИ-95 маркілі бензиннің 369,7 мың тоннасы жеткізіледі. Тамыз айының алғашқы 7 күнінде оның 102,6 мың тоннасы немесе айлық жоспардың 27% тасымалданды:

  • – Атырау МӨЗ бойынша – 125 цистерна, оның ішінде 21 цистерна АИ-95 бензині;
  • – Шымкент МӨЗ бойынша – 102 цистерна, оның ішінде бірде-бір АИ-95 вагоны қарастырылмаған;
  • – Павлодар МӨЗ бойынша – 80 цистерна, оның ішінде барлығы 20 цистернада АИ-95 бензині бар.

Ынтымақ Толқын

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button