«AMANAT»

Өскемендіктер саяси тұғырнаманы қолдап отыр

Ержан Әбіш

Amanat партиясы Өскемен қалалық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтті. Жиынға қатысушылар партия ұсынып отырған саяси тұғырнаманың жобасын талқылады.

– Қоғам талабына сай өзгеру, азаматтар үнін тыңдау – партиямыздың басты мақсаты. Міне, осы тұрғыда партияның саяси тұғырнамасы талқыға түсуде. Біз саяси тұғырнамадағы бастамаларды толық қолдаймыз, – деді қалалық мәслихат депутаты Әскерхан Қуанбай.

Саяси платформаның әр бөлімі бүгінгі геосаяси және геоэкономикалық жағдайға негізделген.

– Тұғырнама партия мүшелері тарапынан қолдау табуда. Күні кеше қаладағы бастауыш ұйымдардың өкілдерімен талқылау өтті. Осы құжатта біздің ел игілігі үшін алдағы уақытта атқаратын жұмыстарымыз нақты көрсетілген, – деді қалалық партия филиалының атқарушы хатшысы Арайлым Есімбекова.

Жиын соңында облыстық партия филиалының кезектен тыс XXVII конферециясына қатысатын делегаттар тізімі бекітілді.

Осы айдарда

Back to top button