Білім

Өскемендегі Art-center мектебі жайлы не білеміз?

Өскеменде  «Art-center» мектебі жұмыс істейді.

«Art-center» мектебі оқушылар шығармашылық сарайында орналасқан. Онда оқушылар жазғы демалысын тиімді пайдаланып, жаңа оқу жылына күш жинайды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

-Дәл осы жерде балалар өзіне ұнаған бағытты тауып, өз-өзін дамытып, жаңа белестерді бағындырады, – дейді облыстық білім басқармасының өкілдері.

«Art-center» мектебінің педагогтері хореография, вокал, сурет салу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, шахмат, театр өнері, психологиялық ойындар, компьютерлік технологиялар және гимнастика бағыттары бойынша сабақ дайындаған.

-Бұл мектеп баланың түрлі бағытта шығармашылық және физикалық тұрғыда дамуына мүмкіндік беретін, ең бастысы, денсаулығын нығайтатын 3 қызықты сабақтан тұрады, – дейді мамандар.

Оразай Жеңісұлы

Осы айдарда

Back to top button