Жаңалықтар

Өскеменде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

18 тамыз күні Өскемен қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі.

Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалдың дамуының түрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы бойынша шаралар қарастырылған.

– Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз, – делінген ШҚО терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының хабарламасында.

Осы айдарда

Back to top button