Облыс әкімі: бағыт-бағдарТОПШаһар шаруашылығы

Өскеменде супер ХҚКО салынады

Облыс орталығында кез келген құжатты рәсімдеуге жағдай жасалған супер ХҚКО салынбақ.

Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

-ШҚО-да барлық талаптарға сай келетін супер халыққа қызмет көрсету орталықтарын салу қажеттілігі біраз уақыттан өзекті болып келеді. Өкінішке орай, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының филиалдары жеткіліксіз бейімделген. Сонымен қатар, оларда адамдарға мемлекеттік қызметтердің 750-ден астам түрі көрсетіледі. Супер ХҚКО-да кез-келген құжатты рәсімдеуге, қызмет түрі мен кеңес алуға болады. Бұл Шығыс Қазақстанның цифрлық әлеуетін одан әрі арттырмақ. Нысанды салу орны біраз талқыға түсті, -деді облыс әкімі

“Алтай” КСО жанында құрылыс нұсқасы ұсынылды, бірақ бұл орын объективті себептерге байланысты мүлдем жарамсыз.

-Сондықтан мен Өскемен қаласының әкіміне бұл мәселені барынша сараптап, тұрғындар үшін қолайлы орын табуды тапсырдым. Сондай-ақ, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша арнайы ХҚКО құрылысы жүргізіліп жатыр. Жақын арада құрылыс нысанына барып, барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатқандығымен танысатын боламын, -деп атап өтті Ермек Көшербаев.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button