БастамаБәрекелді

Өскеменде мұқтаж жандарға көмек көрсететін кеңсе ашылды

Облыс орталығында “Бірге жақсылық жасаймыз” еріктілері өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын созатын кеңсе ашты.

Аталмыш кеңседен қиындыққа тап болғандар тек материалдық қолдау ғана емес, психологиялық және заңгерлік көмек ала алады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Гагарин бульвары, 20 мекенжайында орналасқан кеңседе еріктілер мұқтаж жандарға азық-түлік пен тұрмысқа керек заттарды тарадаты. Сонымен қатар мұнда қиындыққа тап болған адамдар үшін психолог және заңгер ерікті түрде жұмыс істейді.

2017 жылы құрылған “Бірге жақсылық жасаймыз” еріктілер қозғалысы мұқтаждарға құжаттарды қалпына келтіруге, азық-түлік, көмір, отын сатып алуға және жеткізу сынды жұмыстарға көмектеседі.

-Біздің командада 170-ке жуық адам бар. Мұндағылардың көбі өмірдің қиын кезеңін бастан өткеріп, басқаларға көмектесу үшін жиналған еріктілер. Олар ешқандай жалақы алмайды. Тек халықтың қолдауымен мұқтаж адамдарға көмектесеміз, -дейді қозғалыс басшысы Татьяна Беркман.

Тың бастаманы жүзеге асыруға «Kazzink» қол қшын созған. Қала әкімшілігі “Бірге жақсылық жасаймыз” еріктілеріне кеңсе берген. Ал «Kazzink» кеңсені жөндеп, қажетті жиһаздар мен кеңсе жабдықтарын сатып алған.

-«Kazzink» әлеуметтік жобаларды әсіресе, қоғамға нақты пайдасы барларын мүмкіндігінше қолдайды. Бүгінгі ашылған кеңсе мұқтаждарға көмек көрсету үшін әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейту жолындағы үлкен қадам. Мұнда ерікті түрде істейтін мамандар филиалды өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үміт таба алатын орынға айналдыратынына сенімдімін, -дейді «Kazzink» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі Атқарушы директоры Андрей Лазарев.

Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button