Білім

Өскеменде мектеп жәрмеңкесі өтеді

Білім күнінің жақындауына байланысты облыс орталығында жәрмеңке өтпек.

Мұнда мектеп формалары мен кеңсе тауарлары тиімді бағамен сатылады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Өскемен қаласы білім басқармасының мәліметінше аталмыш жәрмеңке 10-12 тамыз аралығында болады. Ұтымды бағамен жаңа оқу жылына қамданамын деушілер аталған күндері металлургтер мәдениет үйінің алдында сағат 15:00 мен 20:00 аралығында сауда жасай алады.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button