Мәдениет

Өскеменде Конституция күніне орай мерекелік концерт өтіп жатыр

Облыс орталығында Конституция күніне орай мерекелік концерт өтіп жатыр.

Шығысқазақстандық тұрғындарды мемлекеттік мерекемен ШҚО әкімі Ермек Көшербаев құттықтады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

– 28 жыл бұрын қазақстандықтардың 90 пайыздан астамы бүкілхалықтық референдумда адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мемлекет қазынасы деп жариялаған заңды бірауыздан қолдады. Конституция – қоғамымыздың тұрақтылығының кепілі. Мереке күні сіздерге табысты бастамалар мен өркендеу тілеймін. Әр отбасына бақыт, жаңаша жетістіктер тілеймін.Мереке құтты болсын! – деді өңір басшысы.

Алаңдағы шаралар кешке дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетейік, бүгін облыс орталығында екі бірдей, яғни Конституция күні мен Қала күні тойланып жатыр.

Осы айдарда

Back to top button