Мәдениет

Өскеменде қарбыз фестивалі өтіп жатыр

Бүгін облыс орталығында қос бірдей мереке тойланып жатыр.

Таңертеңнен бастап Орталық алаңға жиналған халықтың қарасы қалың. Қазір онда қала күніне орай қарбыз фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды DIDAR ақпарат.

Фестиваль шарты бойынша қарбыздан түрлі фигуралар жасау керек. Қатысушылар бұл іс-шараға алдын ала дайындалған.

– Бұл көкөністер мен жемістердегі ою-өрнек техникасы деп аталады. Бір қарбызды әрлеу үшін 3-6 сағат уақыт кетуі мүмкін. Жұмыс күрделі және ауыр. Қазір осында колледжден көптеген қатысушылар өз өнерлерін көрсетуде, – деді Гүлжанат Ыдырысова.

Сондай-ақ, қала тұрғындары үшін түрлі конкурстар мен викториналар ұйымдастырылды.

Фестиваль қатысушылары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталатын болады.

Осы айдарда

Back to top button