Жаңалықтар

Өскеменде ертең бас шырша шамдары жағылады

Облыс орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай өтетін іс-шаралар легі басталады.

Өскемен қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын 22 желтоқсанда өтетін көңілді мерекелік шараларға қатысуға шақырады, деп хабарлайды Didar ақпарат тілшісі.

Сонымен, ертең сағат 15.00-де Жастар көшесі, 23 мекенжайындағы хоккей қорабында «Алтын шайба» шайбалы хоккейден қалалық лига маусымының ашылуы өтеді. Жарыс 2006-2008, 2009-2013 ж.т. жасөспірімдер және 2008-2012 ж.т. қыздар арасында өткізіледі.

Ал сағат 16.00-де Солжағалау саябағында Аяз Ата резиденциясы ашылады. Мұнда концерттік бағдарлама, театрландырылған қойылым, түрлі ойындап, викториналар ұйымдастырылмақ.

Сағат 18.00-де Республика алаңында дәстүрлі «Жарқыра, шырша!» театрландырылған қойылымы өтіп, қаланың бас шыршасы жағылады.

Сондай-ақ тұрғындар Аяз Ата, Ақшақар немесе ертегі кейіпкері болып шеруге қатыса алады.  Ол үшін арнайы костюм киіп, сағат 17.30-да Мәдениет басқармасы ғимаратының алдында (Қазақстан к-сі, 63) жиналу қажет.

Осы айдарда

Back to top button