Сайлау-2023

Өскеменде егде жастағы сайлаушылар белсенді

Таң сәреден Өскеменнің Жібек маталар комбинаты ауданында орналасқан №5 сайлау учаскесіне келіп, дауыс беріп жатқандардың қарасы көп.

Белгілі болғандай, аталмыш учаскеге 2 656 адам тіркелген екен. Соның 400-ге жуығы күндізгі сағат 11.00-ге дейін дауысын беріп үлгерген. Әсіресе, егде жастағы дауыс берушілердің белсенділігі қуантады, дейді осы сайлау учаскесі комиссиясының төрайымы Жазира Мұқашева.

– Жалпы алғанда, сайлау барысы ойдағыдай. Халық белсенді, әсіресе ата-әжелеріміздің азаматтық ұстанымы, әлеуміттік жауапкершілігі көпке үлгі боларлықтай. Бүгін бірінші рет дауыс беруі тиіс жастарымыз да бар еді, таңғы ұйқыларын қимады ма, әйтеуір әзірге қара көрсетпеді. Сондай-ақ балаларын ертіп келген ата-аналар да көп. Бәрінің көңіл күйі тамаша, – деген Жазира Мұқашева бақылаушылар тарапынан бірлі-екілі ескерту болмаса, бәлендей заңбұзушылық тіркелмегенін айтты.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button