Жаңалықтар

Өскеменде бозбала көпірден секіріп кетті

19 жастағы бозбала Ертіс өзеніндегі автожол көпірінен секіріп кетті.

20 тамыз күні ШҚО ТЖД құтқарушыларына суицид жасауға талпынған бозбала туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Құтқарушылар оқиға орнына лезде қайықпен жетеді. Полиция қызметкерлері жігітті әңгімеге тартып, оның райынан қайтармақ болды. Алайда бозбала суға секіріп кетті.

ТЖ қызметкерлері оны бірден судан алып шығып, жағаға жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Осы айдарда

Back to top button