Жаңалықтар

Өскемен жылу орталығы жөнделіп жатыр

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев штаттық кестеге сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Өскемен жылу электр орталығының жұмысымен танысты.

Өңірдегі ең ірі жылу электр станциясында көмірдің қажетті қоры бар. Сонымен қатар 2023 жылға қатты отын жеткізу жоспары әзірленіп, жүзеге асуда, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Өскемен ЖЭО 1947 жылы салынған, яғни қазір ауқымды жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Кәсіпорын басшылығы негізгі жабдықты ауыстыру бойынша инвестициялық бағдарламаны ұсынды, бұл станцияның тозу пайызын 2,5 пайызға төмендетеді. Сондай-ақ №16 қазандық агрегатын салу жоспарлануда.

– Кәсіпорынның үздіксіз әрі тиімді жұмысы Өскемен үшін аса маңызды. Қала жыл сайын өсуде, тұрғын үй құрылысының белсенді дамуы жалғасуда, тұтынушылар саны да артып келеді. Сондықтан басты мақсат – жылу тапшылығының болмауын қамтамасыз ету, – деді аймақ басшысы.

Ермек Көшербаев Өскемен қаласының әкіміне жылу беру маусымының басында ЖЭО өзіне алған барлық міндеттемелерді толық көлемде орындауы үшін жұмыс барысын бақылауды жіті тапсырды.

Осы айдарда

Back to top button