Жаңалықтар

Өскемен водоканалдың қызмет көрсету орталығы жаңа мекенжайға ауысты

«Өскемен водоканал» МКК-ның халыққа дербес қызмет көрсету орталығы жаңа мекенжайға көшті.

Қызмет көрсету сапасын жақсарту және тұтынушыларға барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында «Өскемен водоканал» мекемесінің дербес қызмет көрсету орталығы 1 тамыздан бастап жаңа мекенжайда қабылдайды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Халыққа дербес қызмет көрсету орталығы А. Чехов көшесі, 70 мекенжайында орналасқан.  Бұрын мекенжайы Пограничная көшесінде болған еді.

Орталықта сумен жабдықтау, су бұру қызметтері бойынша келісім-шарт жасасу, жеке есептеу аспаптарының көрсеткіштерін қабылдау, жеке тұлғамен салыстыру актілерін алу, жеке тұлғалар үшін есептеулер, берешектер бойынша ақпарат беру секілді қызметтер көрсетіледі.

Сондай-ақ тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін электронды кезек жүйесі іске қосылған.

 

Осы айдарда

Back to top button