Жаңалықтар
Өскемен – Риддер тасжолына шектеу қойылды

Өскемен – Риддер тасжолында тіркемелі көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Сақтық шарасы қыстың соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды Didar ақпарат.
ТЖД мәліметінше 30 қазаннан бастап қысқы кезең аяқталғанға дейін Өскемен-Риддер Республикалық маңызы бар трассасында (94-104 км, Риддерге кіреберіс) тіркемелері мен жартылай тіркемелері бар көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылады.
Айта кетелік , шектеу уақыты 21:00-ден 6:00-ге дейін.
Ынтымақ Толқын