Қоғам
Өскемен – Рахман қайнары тасжолында жүк көлігі аударылып, 25 тонна күкірт қышқылы төгілді.
Оқиға жолдың 227-ші шақырымында, яғни Катонқарағай ауданы, Ново-Хайрузовка ауылының маңында болған. Қышқыл 50 шаршы метр жерге жайылған. Залалсыздандыру мақсатында учаскеге 15 тонна әк төгілді. Мән-жайды аудандық полиция анықтап жатыр.