ЖаңалықтарТОП

Өрттен қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек беріледі?

Абай облысында қаза тапқан орманшылардың отбасыларына мемлекет тарапынан көмек беріледі.

Өртте қаза болғандардың отбасыларына баспана беріліп, несиелері кешіріледі, деп хабарлайды Didar ақпарат. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қаза болғандардың отбасыларына келесі қолдау шаралары көрсетіледі:

  • отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне (кәмелетке толмаған балаларға) республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы;
  • отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік төлемақы;
  • қажетті жиһазбен жабдықталған тұрғын үймен қамтамасыз ету;
  • БЖЗҚ-дан жерлеуге арналған біржолғы төлем.

Сондай-ақ несиелерді есептен шығару үшін қаза болғандар мен олардың отбасының несиелік жүктемесі анықталады.

Осы айдарда

Back to top button