Өрт ошақтары оқшауланды
Аймақ басшысы Даниал Ахметов Instagram желісіндегі парақшасында 8 қазаннан бастап өңірімізде өрт қауіпі күшейгенін хабарлады.
Құтқарушылардың, өрт сөндірушілердің, орманшылықтар мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің жедел жұмысы арқасында барлық 15 өрт ошағы оқшауланған. Қазіргі уақытта олардың 13-і толық сөндірілді.
«Күршім ауданы Үшбұлақ ауылында отпен күрес жалғасуда, онда 264 адам жұмыс істеп жатыр, екі тікұшақ жұмылдырылды. Ұлан ауданы Қызылсу ауылының маңындағы өрт сөндірілді, 70 адам күрес жүргізуде», – деп жазды облыс әкімі.
Аймақ басшысы әр өрттің себебі егжей-тегжейлі анықталатынын, әрине адами фактор да жоққа шығарылмайтынын мәлімдеп отыр.
Қуанышқа орай, адам шығыны жоқ. Бірақ үйлері мен мүлкі өртеніп кеткендер бар.
Ержан Кеңесұлы