жауап береміз

Өнім өзімізде өндіріле ме?

Ақжол Нұрмағамбет, Глубокое ауданы

Бірнеше жыл бұрын облыста фанера өнімдерін шығаратын шағын зауыттар жұмыс істеуші еді. Сол кезде өзімізде өндірілген өнімдерді арзан бағаға алушы едік. Соңғы кездері құрылыс материалдарын сататын дүкендерге барсаң, сатылатын ДСП, ЛДСП, фанера өнімдерінің барлығы дерлік Ресейдікі екені көрсетіліп тұрады. Бағасы да шарықтап кеткен. Бүгінде облысымызда аталған фанера жасайтын зауыттар жұмыс істей ме? Жалпы, облысымызда жиһаз жасау саласына қаншалықты көңіл бөлінген? Отандық жиһаз өндіру ісі мемлекет тарапынан қолдау таба ма?

Сіздің сауалыңызға облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жауап берді.

Статистикалық деректерге сәйкес, өңірде жиһаз өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын 52 шағын бизнес субъектісі тіркелген. Жалпы, облыстық өнеркәсіп өнімдерінің көлемінде жиһаз өндірісінің үлес салмағы – 0,1 пайыз. 2022 жылдың он айында жиһаз өндіру көлемі 1,4 млрд теңге болды. Сондай-ақ облыста OSB плиталары мен фанера шығаратын екі кәсіпорын жұмыс істейді. Ал жиһаз өнімдерін тауар жеткізушілерден сатып алу үрдісі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының нормаларымен реттеледі. Бизнес субъектілерін қолдау «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған» ұлттық жобасы бойынша мүмкін болады.

 

 

Осы айдарда

Back to top button