Өнер
Өнерге тағзым
Өнерге тағзым
Өнер деген өмірдің үлкен өрнегі,
Түрлі өнердің адамға болар керегі.
Өнер мен адам биікке қарай өрлейді,
Өнер-мұра, ешқашан да өлмейді.
Өнер деген үлкен өзен сарқыраған,
Өнер деген үлкен жұлдыз жарқыраған.
Бар адамдар өнерді құрметтейді,
Қол соғады бәріне, маған, саған.
Құтты болсын ашылған жаңа бөлім,
Ашық болсын әрдайым мына жолың.
Өнер атты өзенде еркін жүзген,
Биіктерден әрқашан табыл, көрін.
Ұлы Абайға арнау
Абай ұлы, ұлылықтың тірегі,
Өлең барда өлмейді әлі, тірі еді.
Өрелерін сан адамның кеңейтіп,
Бақ, байлыққа толтыратын жүрегін.
Абайды оқып, бақытты өмір сүремін,
Өлеңінен тәрбие алып жүремін.
Абайменен үндескендей кей кезде,
Менің барлық арман, мақсат, тілегім.
Жәмилә Кенжебаева, Ақындар мектебінің оқушысы
Жарма ауданы.