Өнер

«Ұлы дала» байқауы басталды

«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Ұлы дала» байқауы басталды.

Шығармалар 11 қыркүйектен 10 қарашаға дейін қабылданады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған байқау Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы – Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай өтпек.

Додаға қатысушылар бес номинация бойынша бақ сынайды: «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Әдеби сын» және «Балаларға арналған шығарма». Бұдан бөлек, байқауда «Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы» және «Алаш аманаты» арнайы жүлделері де қарастырылған.

Байқауға 20-45 жас аралығындағы авторлар қатыса алады. Келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 13-20 қараша аралығында қарайды. Байқау нәтижесі «Тәуелсіздік күні» қарсаңында қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталады.

Қатысуға ниет білдірушілер өз шығармаларын ulydala-shqo@amanatpartiasy.kz электронды мекенжайына бүркеншік атпен жолдауы қажет.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button