Жаңалықтар

Өнер музейінде «Тәуелсіздік тамыры» атты көрме өтіп жатыр

Тәуелсіздік тарихы мен қилы-қилы жолын баяндайтын сурет көрмесі көпшілік назарына ұсынылуда. Қылқалам шеберл  ерінің картиналары еліміздің егемендік жолын баяндап, тарихынан сыр шертеді. 

Тәуелсіздік күніне орай көпшілік назарына ұсынылған «Тәуелсіздік тамыры» аттыкөрмеге 28 экспонат қойылған, – деп хабарлайды Didar ақпарат тілшісі.

Олардың арасында XVI ғасырда Бельгия мен Швейцарияда басылған көне карталар да бар.

– Көрменің жиырма сегіз экспонатының арасында үлкен қызығушылық танытатын XVI ғасырда Бельгия мен Швейцарияда басылған көне карталар.  Еуропа елдерінің картографтары бірінші болып қазіргі тәуелсіз Қазақстанның ізашары болған Қазақ хандықтарын анықтады. Бұл жәдігерлер «Тарих толқынында Қазақстанның үздіксіз мемлекеттігі» кітабының материалдары негізінде жасалған. Оның авторы – Қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, – деді музей қызметкері Есенбол Нақтыбай.

Көрме картиналарының арасында тарихи және портрет жанрындағы қазақ суретшілерінің шығармалары, яғни, Алаш арыстарының портреттері бар. Ал Ғабдулмәди Мерқасимов пен Николай Аштема шығармалары алғашқы көшпенділер мен сақ-массагеттердің айбынды патшайымы Томириске арналған. Сондай-ақ, Қайсан Қадырбековтің үлкен форматтағы «Бұл өлкені менің ата-бабам сақтаған» атты картинасы көрермен қауымға рух сыйлап, терең тарихтан сыр шертеді.

«Тәуелсіздік тамыры» көрмесі 2024 жылдың қаңтар айының ортасына дейін жалғаспақ.

 

Осы айдарда

Back to top button