Он екі отбасы баспаналы болды
Қиын кезеңді артқа салған шемонаихалықтар енді қоныс тойын тойлап жатыр. Мереке аудан орталығында өтті. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов 12 отбасына баспана кілтін табыс етті. Айта кету керек, бұл күні халықтың қуанышына ортақтасып, сыйлықтарымен Астанадан да арнайы қонақтар келді.
Жалпы, биылғы көктем өңір халқын біраз әуре-сарсаңға салғаны белгілі. Аягөзде басталған табиғи апат Семей, Глубокое, Шемонайха, Зырян және Катонқарағай аудандарында жалғасты. Шемонайха ауданында Уба өзенінің суы арнасынан 1,5 метрге дейін асып кетті. Сол 25 наурызда болған жағдайды есіне алған Людмила Дегтярова де үйіңнің іргесі сөгілгенін көру қиын екен, – Менің үйім суға батып кетті. Іргетасы үш жерден жарылды. Сол кездегі жағдайымды көрсеңіздер ғой. Қаладан жиенім келген болатын. Қорыққанымыз соншалықты, біраз уақытқа дейін ес жинай алмадық. Бұрын тек теледидардан көретін жағдайдың басыма келетінін ойламаған да едім, – дейді.
Салтанатты жиында жаңа баспананың кілтін алған Людмила қуанышқа кенелді. «Қиын сәтте бізбен бірге болған халқыма, әсіресе, Елбасымызға, облыс басшылығына рахметімді айтқым келеді. Апат болған алғашқы күннен әр тұрғынның жағдайын жеке-жеке біліп, үйді-үйді аралап, гуманитарлық көмекке дейін жеткізген «Нұр Отан»партиясына алғысымыз шексіз», – деді жаңа қонысына журналистерді шақырған Людмила Дегтярева.
Үйді аралап көрдік, кең де жарық. Жаңа қожайын жеңіл жөндеу жұмыстарын жүргізуге кірісіп кеткен. Есіктерін ауыстырып, ас үйіне сырлы кірпіш салып жатыр. Балалары да анасының қуанышына ортақ. Людмиланың қызы «тіпті апат болған кезде мемлекеттен дәл мұндай көмек болады-ау деп күтпедік. Анамды жалғыз өзім жұбатамын деген сенімде едім», -дейді ағынан жарылып. Алайда, нәтиже көрсеткендей, мемлекеттік қызанадан бөлінген қаражаттың есебінен баспанасы тұруға жарамсыз деп танылған отбасыларының әрбіріне қалаулары бойынша үй не пәтер сатып алынды.
12 отбасына табыс етілген пәтер кілтімен бірге бұл күні тасқыннан зардап шеккен көп балалы отбасыларына да жомарт жандар тарапынан көмек көрсетілді. Атап айтқанда, \”Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің жергілікті кәсіптік одағы\” ҚБ сонау Астанадан қорап-қорап тұрмыстық техникаларды көтере келіпті. Бірлестік төрағасы Қорғанбек Нұрпейісов ұжым атынан тоңазытқыш, кір жуу машинасы мен теледидар табыс етті.
«Біздің ұжым «Нұр Отан» партиясынан түскен үндеуге бір кісідей атсалысты. Барлығы 2 млн. теңге қаражат жинадық. Бүгін 18 тоңазытқыш, 7 кір жуатын машина, 8 теледидар алып келдік», – дейді бірлестік төрағасы Қорғанбек Нұрпейісов.
Кәсіподақ тарапынан көрсетілген қамқорлыққа «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы да ілтипат көрсетіп, алғыс хатын жолдады. Айта кету керек, билік партиясының облыстық филиалы табиғи апат кезінде осы Шемонайха ауданындағы жағдайды бақылауға алған-ды. Қазіргі қажетті қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстары жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Филиал төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов жұмыс барысы алдағы уақытта да қатаң бақылауда болатынын жеткізді.
«Ауданда жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Тамыздың аяғына дейін 126 үйдегі жөндеу толық аяқталады. Құрылған қорда қаражат бар. Жұмыстың барысы толық бақылауда болады. Аудандық әкімдіктің алдына қойылған міндет бар. Ол филиал төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей бақылауында. Сондықтан тасқыннан зардап шеккен халықтың қалыпты тұрмысын қайтару күн тәртібіндегі басты мәселе», – деді Ә.Мұхтарханов .
Айта кету керек, биылғы көктемдегі су тасқынынан Шемонайха ауданының бірнеше елді мекені зардап шекті. 152 үйге су кіріп, оның 13-і тұруға жарамсыз деп танылды. Арнайы комиссиямен 134 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Үкімет шешіміне сай, республикалық бюджеттен 168 млн. тенге теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, облыстық «Парыз» қорынан 50 млн. теңге қарастырылған болатын.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі