Аймақтар аухалы

Он бес адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Қызыл ту» өткелінде, Қалжырдан келетін жол бойында, аудан орталығына кіреберісте, сондай-ақ Қалжыр – Зайсан бағытында, Қара Ертіс өзеніндегі көпір маңында санитарлық блок-постар орнатылған.

Осы үш поста құзырлы органдар қатаң бақылау жасап тұрды. Келген көліктер тегіс тексеріліп, ондағы жолаушылардың температуралары арнайы құралмен өлшеніп отырды. Ал үлкен қалалардан, сырқат жандар анықталған аумақтардан келгендер дереу карантинге жатқызылып, 14 күн дәрігерлердің жіті бақылауында болды.

Ал осы блок-постарда кезекшілік атқарған жауапты адамдар аудан әкімінің тікелей бұйрығына сәйкес үш уақыт ыстық тамақпен, барлық қажетті қауіпсіздік құралдарымен жабдықталып отырды.

– Осы уақытқа дейін постардан 8 мыңнан астам автокөлік өткен екен. 5 мыңға таяу адам күнделікті тексерулерден өтті. Блок-постардан бөлек Күршімнің өз ішінде тәулік бойы автопатруль, аудан әкімдігі бөлген ерікті дружиналар мүшелері кезекшілік атқарды. Карантин басталғаннан бері 15 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тоғыз  адамға ең төменгі жалақы мөлшерінде айыппұл салынды. 15 хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Ал Төтенше жағдай режимін өрескел бұзғаны үшін екі адам қамауға алынды, – Күршім аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полковник С. Манапов.

Бүгінде ауданда карантиндік жағдай одан әрі жалғасуда.

Хасен Зәкәрия

Күршім ауданы.

Осы айдарда

Back to top button