Оқиғалар

Қолдан жасалған арақ сатыпты

Өскемендегі ірі сауда орындарының бірінен қолдан жасалған белгілі маркалы алкоголь өнімдері табылды. Бұл қылмысты қаржы полициясының қызметкерлері анықтады.

Қолдан жасалған арақ сатыптыОблыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің хабарлауынша, шұғыл іздестіру шаралары барысында аталған арақ өнімдерін сатып алу әрекеті іске асырылған. Сараптама нәтижесінде саудаға түскен алкоголь тауарларына жапсырылған есептік-бақылау маркалары елімізде бекітілген есептік-бақылау стандарттарға сәйкес келмейтіні, яғни, қолдан әзірленгендігі расталған.

Қаржы полициясының мамандары заңсыз өнім шығарушы ЖШС-ні анықтап, прокурордың санкциясымен қойманы ашқан. Қоймада арақтың 15 түрі бойынша 400 мың дана ішімдік құйылған бөтелке табылған. Қазірде заңсыз тауарлар тәркіленіп, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button