Білім

Оқу құралдарымен қамтамасыз етті

Глубокое ауданының кәсіпкерлері «Мектепке – жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасылардың балаларын оқу құралдарымен қамтамасыз етті.

Жомарттық танытқан Прапорщиково ауылының бір топ кәсіпкері көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың жергілікті мектепте білім алатын балаларына, сонымен қатар, қамқорлыққа алынған және мүгедек бүлдіршіндерді оқу құралдарымен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті. «Мектепке – жол» акциясы аясында қолға алынған игі іс-шара барысында Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектептің 35 оқушысының әрбіреуі 15 мың теңге мөлшеріндегі сыйлыққа ие болды. Прапорщиково ауылындағы шаруа қожалықтарының басшылары бұл іс-шараға өз қалталарынан 530 мың теңге қаражат қарастырды.

Жалпы, аталмыш акция Мемлекет басшысының биыл жыл басындағы Жарлығымен жарияланған «Балалар жылы» аясында қолға алынып, балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға бағытталды.  Сонымен қатар, тамыз айының басынан қыркүйектің соңғы күніне дейін жалғасатын акция аясында аудандық білім бөлімі аз қамтылған отбасылардың оқушыларына көмек көрсететін басқа да жомарт жандарды қайырымдылық көрсетуге шақырады.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button