Жаңалықтар
Өскеменнің көліктері жүзіп жүр

Көктем келмей жатып өскемендіктер әбігерге түсті. Бұлай деуімізге Мызы көшесі мен Қазақстан көшесінің қиылысындағы мына бір көрініс дәлел.
(ашық дереккөздерден)
Әдеттегідей нөсер жауын жауған жоқ. Сонда бұл қалай болғаны? Шаһар тұрғындарының сауалына «Өскемен Водоканал» былай деп жауап берді:
«31 қаңтар күні сағат 15.00-де Мызы көшесіндегі Гараж кооперативі маңында, диаметрі 500 миллиметрлік (тереңдігі 7 метрден асатын) су құбыры жарылды. Шмелов лог ауданында суық судың қысымы төмендетілді. Арнайы су сорғыш көліктер көшені тазартқан соң, құбыр желісін қалпына келтіретін боламыз» делінген хабарламада.
Балауса Мэлсқызы