«AMANAT»

Өскемендегі мектептердің дайындығы тексерілді

Amanat партиясының облыстық филиалы Өскемендегі бірнеше мектепте көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың мектеп формасымен, аяқ киіммен, оқулықпен қамтылуына, сондай-ақ мектептердің оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізуде.

Мониторинг тобының құрамына Amanat партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Айгүл Байжанова, облыстық мәслихат депутаты Инесса Чернышёва, қалалық мәслихат хатшысы Александр Светаш, Amanat партиясы Өскемен қалалық филиалының атқарушы хатшысы Арайлым Есімбекова, Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы отбасы, әйелдер және балалар құқығын қорғау мәселесі бойынша қоғамдық кеңес төрайымы Анастасия Мәсәлімова енді.

– Біз мониторинг жүргізген №49, 48, 46, 6 мектептерде бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 1500-ден астам оқушы тегін мектеп формасымен, аяқ киіммен қамтылған. Қазына қаржысына сатып алынатын мектеп формаларының сапасына қатысты сұрақтар туындауда. Әр мектептегі формалардың сапасы әртүрлі. Ата-аналар тарапынан мектеп формасының сапасына, аяқ киімдердің балалар өлшеміне сай келмеуіне байланысты мәселе көтерілуде. Amanat партиясының өкілдері қаладағы мектептердің оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізуді жалғастырады, –деді Айгүл Байжанова.

Тамыздың 25-іне дейін қаладағы барлық мектепте тегін мектеп формасымен және оқу құралдарымен қамту жұмысы аяқталады. Мониторинг жүргізілген мектептердің оқу жылына толық дайын екені анықталды.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button