Қоғам
Өскеменде халықаралық стандарттарға сай елдегі жалғыз тұрмыстық қалдық сұрыптау желісі іске қосылады.
Жоба екі жыл бұрын қолға алынған. Желі қоқыстың 40%-ын сұрыптап, полигондағы қоқыс көлемін азайтады. Құрылыс жұмыстарын гректің Sabo S.A. компаниясы жүргізуде. Сұрыптау желісін іске қосу 15 қыркүйекке жоспарланған.