Тәуелсіздік - 30

Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті

Өскемен гарнизонында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі аясында, салауатты өмір салтын сақтау мақсатымен  спорт күні өтті.
Жарыс өткен орында қауіпсіздік шаралары мен санитарлық нормалар сақталған.

– Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау және нығайту.  Жаппай спортпен жүйелі шұғылдануға гарнизондағы әскери қызметкерлер тартылды,- деді 27943 әскери бөлімі спорт және дене дайындығының бастығы лейтенант Алмас Айдарханов.

Шаңғы тебуден жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды басқарманың әскери қызметкерлері, екінші орынды 1 мотоатқыштар батальоны иеленді, ал 2 мотоатқыштар батальонының сарбаздары үшінші орынды қанағат етті.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button