Білім

Өңірде мектеп құрылысының қарқыны жоғары

Бұл туралы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Бекен өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтты.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «білімді ұлт – бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторы» дегенді үнемі айтып келеді. Облыс басшылығы да осыны ескеріп, білім саласына көп көңіл бөліп отыр. Мәселен, биыл өңірде жеті мектеп (1520 орын) салынып жатыр. Жалпы, 2025 жылға дейін 33 білім мекемесін салу жоспарда бар. Осылайша, алдағы бірнеше жылда үш ауысымдық және апаттық жағдайдағы мектептердің мәселесі толық шешіледі, – дейді Әлішер Бекен.

Спикердің ақпаратына сүйенсек, облыс орталығында 599, Риддер қаласында 600, Қасым Қайсенов кентінде 320 орындық мектеп салынып жатыр. Бұған қоса, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, шекара шебіндегі төрт ауылда жаңа білім мекемесі бой көтереді.

– Биыл Бесқарағай ауданындағы Жыланды, Жармадағы Қапай  батыр, Күршім ауданындағы Ұранқай және Жолнұсқау ауылдарында мектеп құрылысы басталды, – деді құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Бекен.

Оразай Жеңісұлы

Осы айдарда

Back to top button