Мәдениет

Өнердің өрісі кең

Халқымызды рухани байлыққа кенелтіп, қазыналы өнерімен ел абыройын арттырып отырған аудандағы мәдениет қызметкерлері төл мерекелерін атап өтті.

Ақсуат мәдениет үйіндегі игі шараға Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Ахмет Әсетұлы қатысып, құттықтау лебізін білдірді. Алдымен мерекелік марапаттарға кезек берілді. Ақжар ауылының тұрғыны, көп жылдар ауданымыздың мәдениет бөлімінің есеп саласында қызмет атқарған  Гүлдари Нұрқабанова «Еңбек ардагері», Екпін ауылының кітапханашысы Ләйла Қамбарова «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар облыс әкімі орынбасарының Алғыс хаты орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Арай Күдеринаға, Ақсуат халық театрының актері Қанат Жакилинге, Көкжыра мәдениет үйінің мәдени шаралар ұйымдастырушысы Дулат Шідеровке, Ақжар мәдениет үйінің музыка жетекшісі Гүлназ Төлеубаеваға табыс етілді.

Сондай-ақ бірқатар қызметкерлер облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хатымен, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мәдениет қызметкерлері төл мересіне орай, құрмет-қошеметке ие болып қана қоймай, көрерменді мазмұнды музыкалық туындылармен де сусындатты. Бірқатар мәдениет үйлері мен клуб үйлері арасында ұйымдастырылған байқауда «Ең үздік мәдени жоба» номинациясын Екпін ауылдық клуб үйі жеңіп алды. Кубок пен арнайы дипломды Тарбағатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нәзипа Ахметова тапсырды. Қалған қатысушалар да Алғыс хаттар алды.   Сондай-ақ Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай «Үздіктер» номинациясы тапсырылды.

Тағы бір айрықша тоқталатын нәрсе, ауданымыздағы өнер саласының дамуына бейжай қарамай, керек кезде қолдауын көрсетіп отыратын кәсіпкерлерді осындай мерейлі мезетте атап айтқан жөн. «Осы мәдениет қызметкерлері күні марапатпен қатар, өнер адамдарының әрқайсына қомақты қаржылай сыйақымен демеушілік көрсеткен бизнес өкілдеріне алғысымыз шексіз», дейді Ақсуат мәдениет үйінің жетекшісі Шәкен Мәлікқызы. Атап өтсек, Дүниежүзілік қазақ күресі қауымдастығының вице-президенті Бәделхан Камалханұлы, «Көкжыра» өндірістік кооперативінің төрағасы Бағдат Сағынаев, «Нұр-Ақсуат» базарының иесі Талғат Рахымжанов, Екпін ауылынан Айтбек Жамағатов, белгілі кәсіпкерлер Қайнар Дүйсенұлы, Қайырлы Қасенов, Жандос Оразғалиев, белгілі палуан Мақсат Мәзібаев Тарбағатайдың өнері, руханияты десе атымтай-жомарттығын танытып, қолдауын аямайды. Екі сөйлемейтін мырза көңілді ерлеріне елі дән риза. Қамқоршысы барда өнердің өрісі кеңейе түспек.

Ерлан Бапанов,

Тарбағатай ауданы.

 

 

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button