ҚоғамТОП

Облыстық «Ғабдуллин оқулары» өтті

Қазақ руханиятына елеулі үлес қосқан белгілі ақын Серік Ғабдуллиннің есімі жалпақ жұртқа жақсы таныс. Қаламгер Өскеменде «Шабыт» ақындар мектебінің негізін қалап, ұстаздық жолда ұмытылмас із қалдырған тұлға.

Бүгінде ақын шығармашылығын насихаттау мақсатында көптеген іс-шаралар өтіп келеді. Соның бірі – дәстүрге айналып келе жатқан «Ғабдуллин оқулары» байқауы. Биылғы «Ғабдуллин оқулары – 2024» байқауына 100-ге жуық үміткер қатысты.

Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен байқауға әр санат бойынша мектеп оқушылары, студенттер және көркемсөзге қызығушылық танытқан ересектер қатысты.

 – Биылғы «Ғабдуллин оқуы – 2024» байқауына 100-ге жуық өтініш келіп түсті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір үміткерлер онлайн бақ сынады. Жеңімпаздарды қазақ руханиятының өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады. Алдағы уақытта бұл байқауды дәстүрлі түрде өткізіп тұруды жоспарлап отырмыз. Биылғы байқауға Серік Ғабдуллин ағамыз негізін қалаған «Шабыт» ақындар мектебінің шәкірттері және туысқандары қолдау көрсетті, – дейді шара ұйымдастырушысы Гүлбаршын Тілегенқызы.

Байқау жеңімпаздары кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Серік  Ғабдуллин оқулары бұған дейін де бірнеше рет өтіп, ақынның жыры жастарға насихатталған болатын.

Жерлесіміз Серік Ғабдуллин – ақын, Жазушылар одағының мүшесі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, бірнеше жыр жинақтың авторы. Өскемендегі «Шабыт» ақындар мектебінің негізін қалаушы.

Қызырбек Дүргінбайұлы

Осы айдарда

Back to top button