Облыстағы волонтерлік іс қалай дамуда?
Облыс аумағында волонтерлік істі дамыту жұмыстары белсенді жүргізіледі.
Бұл туралы ШҚО-дағы және ҚР волонтерліктің мемлекеттік стандартын енгізу тақырыбындағы брифингте айтылды, деп хабарлайды Didar ақпарат.
ШҚО волонтерлер фронт-офисі 2020 жылы бір облыстық, екі қалалық және тоғыз аудандық деңгейде құрылған. Қазір облыс бойынша еріктілер базасында 2400 адам тіркелген.
-Ұлттық волонтерлер желісі еліміздегі еріктілер қызметін дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Сонымен қатар, 2024-2027 жылдарға бағытталған волонтерлікті дамыту мақсатындағы жақсы идеялар мен ұсыныстар пысықталды. Онда еріктілердің әр аймақта қалай жұмыс істеуі керектігі және оларға қандай жағдай жасалуы тиіс екендігі талқыланды, -дейді Ұлттық волонтерлер желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк.
Айта кетелік, облыс аумағындағы еріктілердің атқарып жатқан жұмысы ауқымды. Салалық волонтерлікті дамыту барысында 7 жалпыұлттық жобаға сәйкес қызмет етіп жатқан еріктілер 8 айда 173 шара өткізген. Бұған бес мыңнан астам еріктілер қатысқан.
Ынтымақ Толқын