Құрмет

Облыс полицейлері ірі борышкерді тапты

Облыстың құқық қорғаушылары  30 миллион теңгеге жуық қарызын төлеуден жалтарып жүрген борышкерді анықтады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлан ауданының полиция бөліміне Астана қаласының жеке сот орындаушысынан шаруа қожалығына шамамен 30 миллион теңге қарызданып, оны төлеуден жалтарып жүрген 52 жастағы азаматқа іздеу жариялау туралы қаулы келіп түскен.

Қызметкерлердің жедел шараларының нәтижесінде борышкер бір тәулік ішінде  табылды. Қазіргі уақытта мәліметтер берешекті өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

-Жыл басынан бері облыс полицейлері 20-дан астам борышкерлерді анықтады. Облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі құқық бұзушылықтың осы түрі үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы) және қылмыстық жауаптылық (ҚР ҚК-нің 139-бабы) көзделгенін ескертеді, – деді баспасөз қызметінде.

Кәмал-Естай

Осы айдарда

Back to top button