Сайлау-2023

Облыс орталығында дауыс беру жалғасуда

Облыс орталығында дауыс беру жалғасып жатыр. Қала тұрғындарының белсенділігі жоғары.
№30 және №31 сайлау учаскелерінде егде жастағы адамдардың белсенді екені байқалады.
Сағат тоғыздағы жағдай бойынша, 95 адам дауыс беріп үлгерді.
Бұл аудандағы тұрғындар саяси науқандарға бейжай қараған емес. Біз мұны жылдар бойы байқап келеміз. Бүгін де белсенді. Бұл жолғы сайлау Наурыз мерекесінің қарсаңында өтіп жатқандықтан, біз келушілерге мерекелік дастарханнан дәм татқызуды жөн көрдік. Жалпы, науқан заң аясында өтіп жатыр. Ешқандай құқықбұзушылықтар тіркелмеді – дейді сайлау учаскелері орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің директоры Қарлығаш Ғазизова.
Еске салайық, елімізде Парламент мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлау жүріп жатыр. Сайлауға 7 партия мен мажоритарлы жүйе бойынша бір мандатты округтерден үміткер тұлғалар түсіп жатыр.

Оразай Жеңісұлы

Осы айдарда

Back to top button