Білім

Оқушылар мектеп формасымен қамтамасыз етіледі

Жаңа оқу жылына арналған тікелей эфирде облыс әкімі Даниал Ахметов мұқтаж санаттағы әрбір бала оқуға қажеттіліктермен қамтамасыз етілетінін айтты.

– Әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыс биыл да  жалғасын табады. 20 тамызға дейін осындай отбасылардан шыққан барлық 48 мың бала мектеп формасымен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатқа 1,2 млрд. теңге жұмсалды.

Сонымен қатар мектепке дейінгі балалар мекемелерінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 3 764 баланы төлемнен босату бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатқа бюджеттен 373 млн. теңге бөлінді, – деді өңір басшысы.

Жаңа оқу жылынан бастап 21 524 бала қоғамдық көлікте тегін жүреді. Осы мақсатқа облыстық бюджет есебінен 418 млн.теңге сомасында қаражат бөлінген.

Бұдан басқа, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жаңа 2020 оқу жылында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 1 605 бала қажетті мамандықтар бойынша тегін техникалық білім алуға мүмкіндік алады. Осы санаттағы балалардың облыс әкімінің білім гранттары есебінен жоғары оқу орындарында оқуға да мүмкіндіктері бар.

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button