Білім

Оқушыларға арналған сайт

Облыс орталығындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы үшін жаңа оқу жылы тамаша жаңалықтармен басталды. Зияткерлердің Өскемендегі білім ордасы республикадағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің арасында екінші жыл қатарынан білім сапасын сыртқы бақылау жағынан бірінші орыннан көрінді. Сонымен қатар жерлестеріміз «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ  басқару және тұрақты дамуының жүйелі анализі»  аясында өткен «Үздік тәжірибелер панорамасы» конкурсында жеңімпаз атанды. 

Өскемендіктер  «НЗМ-нің оқушыларына кәсіптік гид» атты сайт ойлап тауып, оның тиімділігін іс жүзінде дәлелдеп шықты.

–Біз жаңа мамандықтардың мол таңдауы, оқуға түсу мүмкіндіктері мен білім алудың әртүрлі нұсқасы оқушылар мен олардың ата-аналарына түсініксіз екенін, оларды тығырыққа тірейтінін байқадық.Таңдау барлық жағдайда ұтымды бола бермейді. Сол себепті мектеп қауымдастығы: кураторлар, психологтар, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі, ата-аналар мен оқушылар сайт ойлап тапты, – дейді кәсіптік бағдар жұмысы жөніндегі консультант Еркін Әміре. – Сайт ары қарай оқудың мүмкін жолдарын талқылауға, сұрақтар туындай қалса, кеңес алуға жазылуға немесе онлайн режимде талқылауға мүмкіндік береді.

Мектеп басшылығы болса, білім ошағының академиялық жетістіктерін ұжымдағы жүйелі жұмыстың, мұғалімдердің балаларға тамаша білім берсек деген ұмтылыстары мен оқушылардың талпынысының нәтижесімен байланыстырады.

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button