Н.Темірбеков – ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі
«Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша конкурсқа қатысқан Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰИА-ның академигі Нұрлан Темірбеков Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
Нұрлан Темірбеков – 86 ғылыми еңбектің, оның ішінде екі монографияның авторы. Ғалым математика саласында көптеген зерттеулер жүргізіп, жоғары нәтижеге жеткен. Навье-Стокс теңдеулерін сандық шешудің тиімді тәсілдерін талдаған. Өнеркәсіпті қаланың атмосферасының сапасына ластаудың антропогендік көздерінің ықпалын бағалаудың жаңа геоақпараттық жүйесін жасады.
Сондай-ақ Н.Темірбеков білім беру статистикасы көрсеткіштерінің көп өлшемді моделін, оны талдаудың әдісін ойлап тапты. Е-университет білім базасының онтологиялық моделін және электрондық-білім беру ресурстарының ақпараттық технологиясын жасады.