Нәрестенің есімін Зере деп қойды

Семейде өткен «TEDx Altai’» атты жастар форумы кезінде шара қонағы, белгілі ақын Қалқаман Сарин Аягөз аудандық жастар мәслихатының депутаты Төлеген Талғаттың жаңа туған нәрестесіне ат қойды.
Айта кетсек, форумға құрметті қонақ ретінде ақын Қалқаман Сарин мен саясаттанушы, қоғам қайраткері Саясат Нұрбек қатысып, жастармен салиқалы әңгіме өрбіткен болатын. Шара барысында Аягөз аудандық жастар мәслихатының депутаты Төлеген Талғат ақын Қалқаман Саринге тілегін білдіріп, жаңа туған нәрестесіне есім қоюын сұрады.
– Шығыс өлкесі Абай, Шәкәрім, Мұхтардай тұлғалардың кіндік қаны тамған қасиетті мекен ғой. Сол сияқты еліміздің ертеңін қалар тағы бір нәресте дүниеге келіпті. Сәбиге Абай атамыздың асыл әжесі Зеренің есімін бергенді жөн көрдім, – деді Қалқаман Сарин.
Сәрсен Қаблым