Форум

Несие серіктестіктерінің 5-ші форумы өтті

 Облыс орталығында агроөнеркәсіп кешеніндегі несие серіктестіктері қауымдастығы 5-ші мерейтойлық форумын өткізді.

Аталмыш іс-шарада ортақ құндылықтарды қалыптастыру, несие серіктестіктері арасында кооперативтік қағидаттарды насихаттау, халыққа қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мәселесін шешуге мемлекеттік органдар мен қоғамдастықтың назарын аударусынды мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Осымен бесінші мәрте өткізіліп отырған форумға ел аумағынан екі жүзге жуық несие серіктестіктерінің өкілдері қатысты. Жыл сайынғы бұл форумы пікірлестердің кездесуіне, проблемалық мәселелерді талқылауға және оларды шешудің жолдарын қарастыруға, стратегиялық бағыттарды айқындауға арналған алаң.

Бүгінгі таңда несие серіктестігі қауымдастығының алдындағы басты міндеті серіктестіктердің мүдделерін мемлекеттік, заңнамалық және басқа да деңгейде қорғау, сондай-ақ олардың бұдан әрі дамуына қолдау көрсету. Форум барысында арнайы сөз сөйлеген мамандар заң жүзіндегі мәселелерді талқылап, шет мемлекеттердің осы саладағы ұтқыр шешімдері мен тәжірибелерін талдап, ортаға салды.

-Осы форумға Батыс Қазақстаннан келіп отырмын. 2017 жылдан бері жыл сайын ұймдастырылып келе жатқан іс-шараға үзбей қатысып келеміз. Бұл жерге өзімізді толғандырған сұрақтардың жауабын алуға келдік. Тиісті органдардың мөшелері де қатысып отыр. Оның үстіне биылғы форум ерекше атап өтіледі. Себебі, несие серіктестіктерінің он жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Бүгінгі іс-шарада қаралатын мәселелердің барлығы тиісті органдардың құлағына жетеді. Сондықтан бұдан үмітіміз зор, -дейді “Казталовка кредиттік серіктестігі” ЖШС басқарма төрағасы Абай Багисов.

Оның айтуынша қазір кредиттік ұйымдардың аздаған қиындықтары бар. Несие ұйымдарының сұранысы толық қанағаттандырылмағандықтан фермерлер мен шағын бизнес өкілдерін қаржыландыруда жетіспеушіліктер орын алатын көрінеді. Оның үстіне берілетін несиенің пайыздық үстемесі 22%-ға өсіп кеткен. Ал субсидсяның уақытылы берілмеуі шаруалардың қолын байлайтын сыңайлы. Ол несиелік серіктестіктердің кезекті форумында аталмыш мәселенің шешімі табылып, тиісті шаралар қолданылады деген үмітпен келгенін айтты.

Ынтымақ Толқын  

Back to top button